Кемербаева Халима Сейтбекқызы

1967 жылы 14 қазан Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Момынай ауылында дүниеге келген. Момынай 8 жылдық мектебіне 1974 жылы 1-сыныпқа қабылданып, 1984 жылы Ленгір қаласындағы Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебін бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Момынай 8 жылдық мектебінде тәлімгерлікпен бастап, 1987 жылы Шымкент педагогикалық институтының математика мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1991 жылы бітірді. Арыс қаласы, Ақдала елді мекеніндегі С. Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде 1989 жылдан бастап еңбек атқарып келеді. Қазіргі уақытта 2008 жылдан бастап директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Аудандық, облыстық және үздік мұғалім -2016 медальімен марапатталған. Отбасында 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.