Саттар Ерубаев

 

С.Ерубаев 1914 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Отырар ауданы,Арыс совхозының Ұзынқұдық жайлауында туған.1923 жылы / аудандық комсомол/ Түркістан жеті жылдық мектебінде оқыды.1927 жылы комсомол комитетінде қызмет істеп жүргенде жоғарғы оқу орындарына даярлайтын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі.1930 жылы Ленинградтың тарих философия-лингвистика институтына түсті.1933 жылы институтты бітірерде Саттар «Орыс неоромантизм және қазақтың ұлтшылдық әдебиеті» деген диплом жұмысын өте жақсы қорғап,аспирантураға қалдырылды,бірақ өлкелік комсомол комитетінің талабы бойынша Қазақстанға оралып,әуелі «Ленинская смена» соңынан «Лениншіл жас»газетінде әдебиет бөлімінің меңгерішісі болып тағайындалды.1934-1935 жылы Алматыдағы ауыл-шаруашылық мектебінің философия кафедрасында ассистент болды,лекция оқып,семинар жұмысына басшылық жасады.Осы жылы «қазіргі опера және балет» театрының директоры қызметіне ұсынылды. «Қарағанды пролетариаты»газетінің комсомол бетінің редакторы етіп тағайындалды.1935 жылы Ленинград университетінің аспирантурасына түсті.Ауруы меңдеп Алматыға оралып 1936 жылы ҚазПи-де қазақ әдебиеті кафедрасының доценті ретінде әдебиет тарихы мен теориясынан лекция оқыды.1937 жылы 2 маусымда жалындаған талант иесін,шешек атып,гүлдеп келе жатқан өмірін сұм ажал үзіп кетті.

 

 

С. Ерубаев атындағы орта мектебінің тарихы

 

            С. Ерубаев атындағы орта мектебінің негізі алғаш рет 1962 жылы «Онтам» елді мекенінде бастауыш мектеп болып қаланды. Ол кезде мектеп

« МТФ бастауыш мектебі» деп аталды. 1963 жылы мектеп 7 жылдық болып қайта құрылады.

1964 жылы қазіргі Ақдала ауылының орнында « Ақдала » совхозы ашылып, жаңадан мектеп салынып, ол мектеп 1965 жылы пайдалануға беріледі де, 8 жылдық мектеп болады. 1968 жылдан бастап мектеп орта | он жылдық | мектеп болып қайта құрылды. Сол жылы мектептің директоры болып тағайындалған Әнзүр Исабековтың ұсынысы бойынша мектепке публицист жазушы, қоғам қайраткері Саттар Ерубаевтың есімі берілді.

Содан бері мыңдаған бала бұл мектепте дәріс алып, бітіріп, кең байтақ еліміздің әр түкпірлерінде, әр түрлі салада абыройлы қызметтер атқаруда.

1986 жылы 784 орындық жаңа мектеп ғимараты салынды, бірақ өте сапасыз салынғандықтан , бір жыл өтпей-ақ қабырғалары әр жерден жарылып, едендері отыра бастады

2004- 2005 жылдары мектеп тіптен жарамсыз болып, оқып жатқан балалар мен ұстаздардың өміріне қауіп төндіре бастаған соң, сол кездегі мектеп директоры М.Қалқожа аудан және облыс басшыларына дабыл қағып, мектепті тез арада жауып, жаңа мектеп салуды ұсынды.

2007 жылы мамыр айында ескі мектептің ғимараты бұзылып, 800 орындық жаңа мектеп салынып 2008 жылы қыркүйек айында пайдалануға берілді.

 

Мектеп- ізгіліктің ордасы. 

    

  Іргетасы 1964 жылы қаланған Саттар Ерубаев атындағы  жалпы орта мектебінің жарты ғасырлық тарихы бар. Тамыры тереңге бойлаған, сан мыңдаған шәкірт тәрбиелеген тәлімі мол тәрбие ошағы.

Сонау 1964 жылы мектеп 7 жылдық болып құрылған білім ошағына  алғашқы директор болып қызмет жасаған Мергенбаев Құдайберген болса, ал директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін Сәкенов Зейнәбіл атқарған. 1965 жылы жаңа 8 жылдық мектеп жұмыс жасады. 1968 жылдан бастап мектеп орта мектеп болып қайта құрылды. Сол жылдары мектеп директоры болып жұмыс істеген Исабеков Әнзүр ағайдың бастамасымен мектепке  публицист жазушы ,қоғам қайраткері Саттар Ерубаев есімі берілді. С. Ерубаев атындағы орта мектептің алғашқы түлектері 1969 жылы 26 ұл, 6 қыз барлығы 32 оқушы бітіріп шықты.

2004-2005 жылдары мектеп директоры болған Қалқожа Мұхтар бұрынғы мектептің жарамсыздығына байланысты , жаңа мектеп ғимаратын салуды ұсынған болатын. Сол кездегі аудан әкімі С. Тәукебаевтың басшылығымен жаңа мектеп ғимараты басталып, қолданысқа берілді.

2008 жылдың қараша айында заман талабына  сай үлкен мектеп ғимараты бой көтерді. 800 орындық білім ордасында бүгінгі таңда 108 ұстаз 752  шәкіртке білім нәрін беруде. Кең де, жарық мектепте 2 мултимедия-лингофон сыныбы, 3 интерактивті сынып жұмыс жасайды. Сонымен бірге биылғы оқу жылынан бастап электронды оқыту жүйесіне көшуді қолға алып келеміз.Сонымен бірге спорт зал, АКТ зал жұмыс жасайды.  «Бала біздің болашағымыз»-десек мектепте оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына бар жағдай жасалынған. Мектеп жанындағы «Мөлдір бұлақ»шағын орталығы 2010 жылы ашылды. Қазіргі таңда 115 бүлдіршін тәрбиеленуде.   Ұжымымызда күш жігері мен қажыр –қайратын жас ұрпаққа жұмсап , аянбай тер төгіп келе жатқан ұстаздарымыз жеткілікті. Олар  «Білім беру ісінің үздігі медалінің иегерлері» Қошаманова Г, Құрмашева Г, Тұрманбетов Ж. Жүсіп М, Киізбаева И,Желдібаев Ш бар. Сонымен бірге облыстық , аудандық білім бөлімі тарапынан алынған мадақтамаларды білімдіде білікті ұстаздардың алуы заңдылық. Олар,    Ысқақова Р, Найманбаева Л, Байнязова Х, Кемербаева Х, Исахов С, Батырходжаева Ж,Жақсыбаева С, Мадиярова А,Қолдасова Ш.

Биылғы оқу жылында  бітірген 10 оқушымыз  мемлекеттік білім гранттарын жаңіп алып мерейімізді үстем етті.

 

Осы білім ордасынан ұшқан түлектеріміз Тәуелсіз Қазақстанның өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосуда еңбек етіп келеді. Тәлімі биік білім ошағының алдағы уақыттада мәртебесі жоғары болатындығына сенемін.