1.      Ақпан айында  Дамытушы топтың  ұйымдастыруымен оқытудағы  озық іс-тәжірибелерімен  бөлісу мақсатында бас қосып,  мұғалімдер өзара сабақтарға еніп  тәжірибе алмасты.  Сондай-ақ  осы  айда  мектебіміз  жоспарға  сәйкес аудандық семинар өткізді. Мектебімізге аудандағы С.Адамбеков атындағы ЖОМ,  Арыс ҚББ, И. Журба мектебі, Б. Онтаев мектебі, Шағын мөлтек аудандардағы бастауыш мектептері  т.б  шақырылып, мектебіміздегі жауапты модератырымыз Асанбаева Ш  және І, ІІ,ІІІ  деңгейлі мұғалімдер және тәлім алушылар сабақ  өтіп  әдістерімен  бөлісті. Келген   ұстаздар  сабақты  қорытындылау  сәтінде   өз  алғыстарын  білдірді.Семинар барысында  мен де  әр  мектептен  келген  мұғалімдердің  басын  қосып ( «Сын тұрғысынан ойлауға жетелеу арқылы оқушылардың таным қабілетін арттыру » )- тақырыбында  коучинг  сабағын  өттім. 

      Дөңгелек үстелдің тақырыбы: 

  «Отбасы, мектеп және қоғам ынтымақтастығы»

       Мақсаты:

1.Отбасы, мектеп және қоғамның жеке тұлғаны дамытудағы  бала тәрбиесінің ортақ ықпалдастық жолдарын талқылау.

2.Бала тәрбиесіндегі отбасының, мектептің және қоғамның рөлі туралы

мағлұматтар бере отырып, пікір алмасу.

3.Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып, қоғамда өзіндік орны бар білімді ұрпақ тәрбиелеу.

ІІІ Өту әдісі :Топтық , пікір-сайыс, өз ой- пікірлерін ортаға салу.

ІҮ.Түрі: Дөңгелек үстел

ІІІ .Ұйымдастыру кезеңі

ІҮ . Дөңгелек үстелдің барысы:

        Құрметті қонақтар, ата-аналар,ұстаздар және оқушылар!

  «Отбасы, мектеп және қоғам ынтымақтастығы»  тақырыбында өткізілетін дөңгелек үстелімізге қош келіпсіздер!

Бүгінгі дөнгелек үстеліміздің тақырыбымен мақсатын слайд арқылы көрсетемін, таныстырамын.

 «Отбасы, мектеп және қоғам ынтымақтастығы» деп аталады .

  Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар сіздерді ортаға шаттық шеңберін орындауға шақырамын. Ортаға шығып танысып, есімдеріңізді айтып, бүгінгі тақырып бойынша бір-бірімізге жақсы тілектер жолдайық. --Бірінші өзім бастаймын, менің тілегім Отбасымызда ынтымақ болсын, мектебіміздің абыройы арта берсін, қоғамымыз дами берсін. Енді құрметті қатысушылар өз топтарыңыз бойынша  орындарыңызға жайғасып дөңгелек үстелімізді бастайық

Олай болса :

              «Отбасы»  тобы-  ата-аналардан құралған.

              «Мектеп» тобы – сынып жетекшілерден  құралған.

 

              «Қоғам» тобы- білім бөлімінен келген бас маман Жүнісов Азиз, ДТЖЖО Түлекбаев Нұрғазы, ауыл биі Аяпов Әбілда, ауыл мешітінің өкілі Омарбаев Бектұрсын және ----------------------------келген қонақтан тұратын топтарды шақырамын. Енді құрметті қатысушылар өз топтарыңызға жайғасып бүгінгі пікір сайымызды бастауға рұқсат етіңіздер.