Байсейтов Қуаныш Мұсаұлы

 1980 жылы 08 қазан Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Ақдала ауылында дүниеге келген ауылында туылған. 1986 жылы С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде 1-сыныпка қабылданып, 1997 жылы 11 сыныпты бітірген.  1997 жылы Халықаралық Қазақ Араб Университетіне түсіп 2001 жылы бітірген. Еңбек жолын 2001 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде бастаған. 2017 жылдан бастап директордың оқу ісі бойынша орынбасары қызметін атқарып келеді.  Кәсіподақ, Үздік мұғалім, облыстық, аудандық марапаттарға ие. Отбасында 1 ұл,2 қыз тәрбиелеуде.

Асанбаева Шархия Батырханқызы 16.01.1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. С. Ерубаев атындағы орта мектепке 1971 жылы 1 сыныпқа қабылданып, 1981 жылы бітірген. 1983 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің геохимия мамандығына 1-курсқа қабылданып 1988 жылы бітірген. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы «Лаборатория изучения вещественного состава» лабораторияда 3 жыл еңбек еткен. 1991 жылы Ақдаладағы С. Ерубаев атындағы жалпы орта мектебіне жұмысқа  қабылданған. 2002-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін биология мамандығын бітірген. Қазіргі  таңда 2008 жылдан бастап директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары. Педагогикалық шеберлік орталығында Кембридждік оқыту тәсілдерін 1- деңгей бойынша 2014 жылы оқып бітірген. 2016 жылы тренерлік курс және критериалды бағалауды оқып білім жетілдірген. Марапаттары: аудандық және облыстық марапаттары бар. Педагогикалық еңбек өтілі 27 жыл, жоғары санатты. Отбасылы: 1 қыз, 3 ұл тәрбиелеуде.

Жүсіп Майра Мұстафақызы 26.04.1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданыңда дүниеге келген. Арыс ауданы Ақдала ауылындағы С. Ерубаев атындағы орта мектепке 1982 жылы 1 сыныпқа қабылданып, 1992 жылы бітірген. 1994-1999 жылы аралығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Бастауыш сынып мұғалімі"  мамандығын алып шықты. Еңбек жолын Ақдала ауылындағы "Қарлығаш" балалар бақшасына тәрбиеші, 1993-1995 жылдары С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасында кітапханашы көмекшісі, 1995 жылдан аталған мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. Қазіргі  таңда 2017 жылдан бастап директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары. 2013 жылы Алматы қаласы "Өрлеу" біліктілікті арттыру курсының  Кембридждік оқыту тәсілдерін ІІ-деңгей бойынша оқып бітірді. 2017 жылы тренерлік курс және 2016 критериалды бағалау курстарын оқып білім жетілдірген. Марапаттары: аудандық және облыстық марапаттары бар. Педагогикалық еңбек өтілі 25 жыл, жоғары санатты. Отбасылы: 1 қыз тәрбиелеуде.